«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

11.07.2015
«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған.

«Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы.

«Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу