Ақ халатты абзал жандар... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ халатты абзал жандар...

15.06.2015
Ақ халатты абзал жандар...

Көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен «Болашақ» телехикаясының қайталау бөлімдері көрсетіле бастады. Бүгін туындының 2-бөлімі  сағат 19:35-те эфирге шықпақ.

Телехикая сюжеті бойынша, Астанадағы ең үлкен емханаға жолдама алса да, шалғайдағы қарапайым бір ауылдың емханасына қызметке келген жас дәрігер Нұржанның өмірі мен ауыл адамдарының тағдыры баяндалады.

Сол ауылда тұратын Сезім атты бойжеткен Алматыдағы институттардың бірінде оқиды. Алайда,  бірінші курсты тәмамдап ауылына келе жатқан кезде жол апатына түсіп, содан төсек тартып жатып қалады.

Көп ұзамай, ауылға баласының жағдайын білуге Нұржанның анасы келеді. Ажар Бектасқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Елена Петровна сол ауданда бұрын акушер-гинеколог болып жұмыс істеген.

Ойламаған жерден ол Ажардың қолындағы сақинаны байқап қалады. Ажар Бектасқызы  ұлы Нұржанға өзіндегі сақина туралы хикаяны айтуға мәжбүр болады...

Хабарламаларға жазылу