«KAZsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылады

10.07.2015
«KAZsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылады

2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының базасында тәулігіне 21 сағат хабар тарату көлемімен бірінші мемлекеттік «KAZsport» спорттық телеарнасы іске қосылды. Мамандырылған арна Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған. 

Атаулы күнге 12 шілдеде сағат 11:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізіледі. Топтық және жеке есептегі турнир жеңімпаздары грамоталармен, Кубоктармен және статуэткалармен марапатталады.

Жарысқа қатысушылар info@kaztrk.kz электронды поштаcына жіберу тиіс. 

Турнир ЕРЕЖЕСІ мына сілтемеде: http://kaztrk.kz/upload/KAZsport/Polozhenie_o_provedenii_turnira_po_nastolnomu_tennisu_sredi_robotnikov_SMI.PDF

Турнирге қатысу үшін жазылатын ӨТІНІШ мына сілтемеде: http://kaztrk.kz/upload/KAZsport/Zayavka_na_uchastie_v_turnire.docx

Хабарламаларға жазылу