Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде сөйлеген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Ең алдымен, Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа ризашылығын жеткізген БҰҰ Хатшысы Елбасының лидерлік көрегендігін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бастамашылық жасаған әлемнің саяси және діни лидерлері арасындағы мұндай диалогтың өзектілігі күн санап артып келеді.
«Адамдар мен қоғамдастықтың араласып тұруы бұл әлемнің осынау бөлігіндегі ізгі іс қана емес, бұл Сіздердің тарихтарыңыздың бір бөлігі. Осы арқылы Қазақстан өңірде озық шығып, әлемді байытатын жетістікке жетті. Бұл құрғақ декларациялар шығаруға қарағанда әлдеқайда жақсы. Осынау шындықты қолға ала отырып, Сіздер мейлінше өзектіге терең үңіле бастадыңыздар.
Бұл съезд бен басқа да күш-жігерлер арқылы Сіздер қоғамдағы үйлесімділіктің ешқашан өзінен-өзі пайда бола салмайтынын біліп отырсыздар. Оны күн сайын баптап, өсіру, қорғау керек. Осы тұрғыдан алғанда мен құрметті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаһандық күн тәртібінде тұрған іргелі әлеуметтік қатерлерді шешуді қамтамасыз етіп жатқаны үшін алғыс айтқым келеді», - деді БҰҰ Бас хатшысы.