Пан Ги Мун: Қ.Тоқаев батыс пен шығыс арасында мықты мәмілегер болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пан Ги Мун: Қ.Тоқаев батыс пен шығыс арасында мықты мәмілегер болып отыр

28.03.2024

Осы Боао Азия форумы директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун ұлттық арна журналисіне сұхбат берді. Пан Ги Мунның айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыс пен шығыс арасында табысты диалог орнату ісінде сіңірген еңбегі ерек. Әрі осы тұрғыда Қазақстанның географиялық орналасуы да стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Форумдағы өзге де маңызды сұхбаттар, мемлекет басшысының мәлімдемесі мен жалпы Қытайға жасаған сапары жайлы жексенбі күні «Ақорда» арнайы жобасынан көре аласыздар.

Пан Ги Мун, Боао Азия форумы директорлар кеңесінің төрағасы:

Мен Қазақстан президентімен осы жолы да кездескенімді зор мәртебе санаймын. Ол кісімен бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жасаған мемлекеттік сапары кезінде де кездескен едім. Арамызда жылышырай достық қарым-қатынас сақталғанына қуаныштымын. Осы жолы кездескенімде аймақтық қақтығыстарды шешудегі маңызды рөлін арттыра беруін сұрадым.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу