«Текті сөздің төресі – терме» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Текті сөздің төресі – терме»

08.06.2015
«Текті сөздің төресі – терме»

Терме – халық ауыз әдебиеті жарқын үлгілерінің бірі. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жедел қарқынмен дами бастаған бұл өнер – қазақ халқымен қатар, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халық шығармашылығында да бар.

Қазақстанның Батыс аймағы мен Сыр бойында әсіресе мол дамыған. Халықтық дәстүрлер негізінде қазіргі кезде терме, айтыс өнері қайтадан жаңғырып, жандана түсті. Термешілік өнердің кең құлаш жаюына теледидар, радио, ақындар айтысының өткізілуі зор мүмкіндік туғызып отыр.

Текті сөздің төресі ретінде бағзы замандардан бері салт-санамызбен бірге жасасып келе жатқан терменің бүгінгі жай-күйі қалай? Ерекше жанр қаншалықты жаңарды, жаңғырды? Өз тыңдаушысын тапты ма?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» осы сауалдарға жауап іздейді.

Хабарламаларға жазылу