«Текті сөздің төресі - терме» атты термешілер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Текті сөздің төресі - терме» атты термешілер байқауы өтті

03.01.2015
«Текті сөздің төресі - терме» атты термешілер байқауы өтті

Өнер сайысына еліміздің барлық өңірінен термешілер жаңа леппен қатысты.

Шарт бойынша үміткерлер «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Тілден артық қасиет жоқ», «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл», «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты тақырыптар аясында зерделі сөз өріп, оймақтай ойды білдіруі тиіс.

Байқауға 32 термеші қатысты.

Ал, ақтық сында  Елмұра Жаңабергенова, Армат Исламғалиев, Кеңесбай Әшірбаев және Ерболат Шалдыбеков  сынды  есімі елге танымал ақындар мен дарынды термешілер бақ сынасты.

Сөз тереңіндегі маржанды теріп, тыңдарманын ой құшағына батыратын соны термелерді тыңдағыңыз келсе, Ұлттық арнаны қосыңыз. Сағат 16:25-те эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу