«Online Journalism Awards-2015» байқауына өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Online Journalism Awards-2015» байқауына өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды

03.06.2015
«Online Journalism Awards-2015» байқауына өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды

 

Онлайн-жаңалықтар ассоциациясының (Online News Association, ONA) 2015 жылы онлайн-журналистикадағы жетістіктері үшін берілетін сыйақы бойынша байқауға өтініштер қабылдау уақыты ұзартылды, деп хабарлайды ijnet.org.

Биыл конкурсқа жаңа аталымдар қосылған. Атап айтсақ, қақтығыстар туралы студенттер дайындаған немесе кәсіби мамандардың қолдауымен жасалған репортаждар үшін Джеймс Фоли атындағы сыйлық, спорт журналистикасы және Pro-Am туралы материалдар.  

Сондай-ақ, байқау жедел ақпарат, жоспарланған ақпарат немесе оқиға, көлемді мақала, белгілі бір тақырыпты зерттеу, студенттік жобалар, инновациялық журналистік зерттеу және тағы да басқа аталымдар бойынша өтеді.

Барлығы 37 аталымның  10-ына ғана ақшалай сыйақы беріледі.

Марапаттар Лос-Анджелесте өтетін Онлайн-жаңалықтар ассоциациясының конференциясында тапсырылады.

Айта кетейік, байқауға кез келген тілде 2014 жылдың 16 маусымы мен 2015 жылдың 15 мамыры аралығында жарық көрген материалдар қабылданады. Жұмыстардың ағылшын тіліндегі аудармасы міндетті түрде болуы тиіс.

Айта кетейік, «Online Journalism Awards-2015» байқауына өтініштер 5 маусымға дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу