«Astana Pro Team» велокомандасы «EXPO-2015» көрмесіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Pro Team» велокомандасы «EXPO-2015» көрмесіне барды

02.06.2015
«Astana Pro Team» велокомандасы «EXPO-2015» көрмесіне барды

1 маусым күні «Astana Pro Team» велоклубының өкілдері мен ҚР велеоспорт федерациясының президенті Д. Калетаев пен бірінші вице-президент Р.Баталов Миландағы «EXPO‐2015» көрмесіне барған.

Қазақстан павильонында «Astana Pro Team» велоклубының велосипедтері қойылған сахнада Олимпиада чемпионы және «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров сөз сөйледі.

«Astana Pro Team» велокомандасы әлемдік кәсіби велоспорт аренасында Қазақстанның намысын 10 жылдан бері қорғауда. Сондықтан да, біз «EXPO‐2015» секілді ауқымды іс-шараны жұртшылық арасында кеңінен танытуға арналған үлкен науқанға атсалысып отырғанымызға қуаныштымыз», - дейді.

Айта кетейік, 31 мамырда «Astana Pro Team» велоклубының өкілдері «Girod’Italia» халықаралық жарысында «Үздік команда» атағына ие болған. Ал, жекелей сынның қорытындысы бойынша Фабио Ару мен Микель Ланда екінші және үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, Фабио Ару турнирдің «Үздік жас шабандоз» атанған.

Хабарламаларға жазылу