Астанада 4 маусымда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 4 маусымда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

31.05.2015
Астанада 4 маусымда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкенің негізгі міндеттері - азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, оларға әлеуметтік қорғау шаралары, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуал жөнінде ақпараттар ұсыну.

Жәрмеңкені авто және теміржол вокзалдар ауданында өткізудің мақсаты – осы ауданда қызметтерін жүзеге асырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды (пәтерді жалға берушілер, такси жүргізушілері, жүк тасушылар және т.б.) жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес береді, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасу мүмкіндіктері туралы айтады.

Бүгінде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және тігінші-оператор мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу