Эмоцияға салынбай-ақ, көрерменнің көңілінен шығып жүрген сыршыл әншілердің бірі –Еркін Нұржанов. Ол әнді дауысының кеңдігіне салмайды, қайта сезім шынайылығымен, жүрек үнімен тыңдаушысына жеткізеді.
Еркін Нұржанов – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекенінде 1983 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Жастайынан айтысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған әнші орындайтын әндерінің жартысын өзі шығарған. Олардың қатарында «Қызғанамын», «Бақытты бол», «Ақ ерке жаным» және т.б. әндері бар.
Әнші бір сөзінде: «Адам болған соң кейде оңаша қалғанда жабығасың, ойға батасың. Сондай кездері қолыма домбырамды алып, ән айтамын. Көңілім босап, көзіме жас та аламын. Домбыра – менің сырласым, әрі мұңдасым»,-дейді.
Әдемі әндерімен жұртшылық назарына іліккен әншінің «Ана қадірі» атты шығармашылық кешін бүгін 17:05-те тамашалай аласыздар.