«Жан жылуы». Қарттар үйінің тұрғыны – Жанаш Шәкіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жылуы». Қарттар үйінің тұрғыны – Жанаш Шәкіров

29.05.2015
«Жан жылуы». Қарттар үйінің тұрғыны – Жанаш Шәкіров

Қазақ қазына санаған қарияларымыздың көпшілігі бүгінде қалған аз ғана ғұмырын қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, тіпті тұтас түркі халықтарында болмаған.

Өркениет дамыған XXI ғасыр өзімен бірге осындай теріс   дертті ала келді. Кеңес үкіметі тұсында да қарттар үйі болды. Алайда, мамандардың  айтуынша, ол кезде бұл үйде қарттар өте аз болған. Соның ішінде қазақтың ақсақалдары жоқ десе де болады.

Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұл-қызы бар қазақтың қариялары көп екен.  Сондай қариялардың бірі – Жанаш Шәкіров.

Көңілін мұң торлаған ақсақалдың тағдырымен бүгін 17:05-те «Жан жылуы» хабарынан таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу