Алматыда Қарттар үйінің екі тұрғыны коронавирустан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қарттар үйінің екі тұрғыны коронавирустан көз жұмды

22.04.2021

Алматыда Қарттар үйінің екі тұрғыны коронавирустан көз жұмды. Қариялардың қазасын «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы да растап отыр. Қарттар үйінің тағы бір тұрғыны инфекциялық станционарға жатқызылған.

Қазір қаладағы емдеу мекемелерінде 3800-ге жуық науқас жатыр, оның 96-сы - бала. Дәрігерлер 920 адамның жағдайы ауыр дейді. Шаһар билігі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралардың арқасында/ медициналық мекемелердің үлкен жүктемелерге ойдағыдай төтеп бергендерін атап өтті. Алайда мамандардың мәліметі бойынша пандемияның шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Сондықтан қала тұрғындарына сақтық шараларын ұстану қажет. Індеттен сақтанудың бір ғана жолы бар, ол - екпе алу. 

Жазира Оразқызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу