Әлемдегі ең ақылды бала Танишк Абрахам Нобель сыйлығына үміткер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ақылды бала Танишк Абрахам Нобель сыйлығына үміткер

29.05.2015
Әлемдегі ең ақылды бала Танишк Абрахам Нобель сыйлығына үміткер
11 жастағы индус Танишк Абрахам - әлемдегі ең ақылды бала саналады. Ол 7 жасында жоғары оқу орнына түсіп, 4 жыл ішінде математика, физика және шет тілі мамандығын игеріп шыққан, деп жазады ҚазАқпарат.
 
Халықаралық Менса ассамблеясы Танишкті 4 жасында-ақ өз қатарына қосып үлгерген. Аталмыш Ассамблея зерек, қарым-қабілеті жоғары дамыған азаматтарды тіркеумен айналысып, бүгінде 80 елде жұмыстарын жүргізуде.
 
Сондай-ақ, бүгінде Ассамблеяда әлемнің әр түкпірінен жиналған 100 мыңнан астам азамат тіркеліп үлгерген.
 
Қазіргі таңда Танишк физика ғылымы бойынша АҚШ үкіметіне қатысты НАСА агенттігіне (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма) үлкен ғылыми жоба әзірлеуде. Алдағы уақытта Нобель сыйлығын алу үшін басқа да ғылыми жұмыстармен айналысып жатқанын айтты.
 
Сурет: abcnews.go.com

Хабарламаларға жазылу