Әнші Гүлмира Сарина Семей өңірінде бірнеше кеш өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Гүлмира Сарина Семей өңірінде бірнеше кеш өткізбек

28.05.2015
Әнші Гүлмира Сарина Семей өңірінде бірнеше кеш өткізбек

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Сарина туған өлкесі Семей өңірінде бірнеше кеш өткізбекші.

Алғашқы концерт 29 мамыр күні, сағат 18.00-де Семей қаласындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Сол сияқты ән кеші 30 мамыр күні Курчатов қаласында, 1 маусымда Аягөз қаласында, 8 маусым күні Абай ауданында Қарауыл мәдениет үйінде жалғасын таппақ.

Әншінің репертуарында мыңға жуық ән бар. Ол туған жерге арналған Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Аягөз ару», Қалқаман Саринның сөзіне жазылған «Шығысым – шырайлы елім», Жұлдызай Ысқақтың сөзіне жазылған «Ән-Семей» атты әндердің орындаушысы.

Айта кетсек, өнер иесі өткен жылдың қазан айында елордада «Ән-домбыра - жан серігім жасымнан» атты жеке концертін өткізген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу