Берлиндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлиндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі

27.05.2015
Берлиндегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі

Германия топырағын басқан алғашқы қазақтар – Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай және Ғазымбек Бірімжанов. Мария Шоқай «Менің Мұстафам» атты естелігінде 1923 жылы Парижден Германияға көшіп барып, сол жақта 6 ай тұрып, кейін қайта Парижге көшіп келгендерін жазады.  

Қазір Германияда тұрып жатқан қазақтардың басым көпшілігі Түркия мен Германия арасындағы еңбек миграциясы келісімшарты негізінде Түркиядан жұмыс істеуге барған қазақтар және олардың ұрпақтары.

Ал, бүгінгі Германия қазақтарының тұрмысы қалай? Олар атамекенін сағына ма?

Германияда тұратын қазақтар. Олардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігі және Германия Федеративтік Республикасына қазақ баласы дәл қай кезден бастап қоныстанды. Бұл туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу