Шетелдік қандастар Сыр елінің зиялы қауым өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік қандастар Сыр елінің зиялы қауым өкілдерімен кездесті

06.10.2015
Шетелдік қандастар Сыр елінің зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Құрамында шетелдік қандастарымыз бар ақпараттық насихаттық топ өкілдері Қызылорда өңірінде «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанындағы облыстық коммуникация орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздесіп, ой бөлісті.

Сонымен қатар, олар аймақтағы зиялы қауым өкілдерімен, ұстаздармен, жастармен рухани кездесулер өткізді.

Айта кетейік, айтулы датаға орай ұйымдастырылған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Ақпараттық топ құрамында Германия, Түркия, Франция, Қытай, Монғолия, Сауд Арабиясынан, Ресейден және тағы да басқа мемлекеттерден келген  бауырларымыз бар.

 Кездесу барысында олар өздерінің тұрып жатқан аймағындағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық салт-дәстүрді ұстануы, жастардың тәрбиесі жайлы мәселелер турасында әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.   

 

Хабарламаларға жазылу