С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирге 126 боксшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирге 126 боксшы қатысады

24.05.2015
С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирге 126 боксшы қатысады

Алматыда 24-28 мамыры аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық Орталық Спорт Клубы залында бокстан XIX Халықаралық турнирі өтеді. Жарыс Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған.

Сайысқа әлемнің жеті елінен: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 126 былғары қолғап шебері қатысады. 

ҚР Қорғаныс министрлігі «ЦСКА» спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаровтың айтуынша, жекпе-жектер барлық 10 салмақ категориясы бойынша өтеді.

Хабарламаларға жазылу