2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 8 879 мектеп түлегінің 6003-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұл – түлектердің 67,6 пайызын құрайды.
Биыл аймақта «Алтын белгі» алуға 235 түлек, ерекше үлгідегі аттестатқа 68 түлек үміттеніп отыр.
Облыстық Білім басқармасы өңірде тестілеу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Емтихан тапсыру пункттері бейнекамералармен, ұялы байланысты өшіретін, металл іздейтін құрылғылармен және бейнетіркеуіш құралдармен жабдықталған.
Айта кетейік, былтыр ҰБТ-ны түлектердің 72 пайызы тапсырған болатын.