Алматыда V «Алматы – гүл қала» атты қалалық гүл фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда V «Алматы – гүл қала» атты қалалық гүл фестивалі өтеді

23.05.2015
Алматыда V «Алматы – гүл қала» атты қалалық гүл фестивалі өтеді

Осы мақсатта 23 мамырда өтетін фестиваль аясында қала тұрғындарын гүл өсірумен айналысуға тартуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады.

«Бұл фестивальде гүлдер жәрмеңкесі, гүлдер көрмесі және гүл өсірумен айналысатын компаниялар арасында байқау ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге 70-тен астам компания қатысады. Сондай-ақ, жас әншілер арасында да байқау өтеді. Бұдан басқа, Қазақстанның эстрада жұлдыздарының концерті болады», - деді аталмыш фестивальді ұйымдастырушы «ADC agency» компаниясының атқарушы директоры Татьяна Солдатенко.

Айта кетелік, фестиваль таңғы сағат 10:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жалғасады. Келушілер үшін жаздық кинотеатр жұмыс істейді. Онда бірқатар қазақстандық фильмдер көрсетіледі.

«Фестиваль бағдарламасына бірқатар жаңа өзгерістер енгізілді. Мысалы, саябақ аумағында «Авторлық аймақ», «Бірегей демалыс аймағы» секілді орындар белгіленді. Бұдан басқа, демеушілер тарапынан қызықты ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады», - деді сөз соңында Т. Солдатенко.

Хабарламаларға жазылу