Өскемен тұрғындары қала күнін 10-13 қыркүйекте атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен тұрғындары қала күнін 10-13 қыркүйекте атап өтеді

07.09.2014
Өскемен тұрғындары қала күнін 10-13 қыркүйекте атап өтеді

10-13 қыркүйек аралығында Өскемен қаласының тұрғындары қала күнін атап  өтеді. Осыған орай, бірқатар іс-шара жоспарланған.

10 қыркүйек, 17.00-де   «Восток» стадионында ҚР Президенті жүлдесі үшін V халықтық спорт ойындарының ашылуы; 

10  қыркүйек, 19.30-да  «Восток» стадионында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Өркендеп, өрлей бер, Өскемен!» атты  концерт өтеді.

12  қыркүйек, 19.00-де Республика алаңында  иллюзион-шоу және көше биінің фестивалі өтеді. Ал, 14.00-де  қала күніне арналған фотокөрме ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қала күнін мерекелеу аясында 13-қыркүйекте «Tour de Oskemen» веложарысын, ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық біріншілік, 14-қыркүйекте классикалық раллиден қалалық чемпионат өткізу жоспарланған.

Мерекелік шаралар тізбегі  Отбасы күніне арналған «Қазақстан отбасы-2014»  байқауының нәтижесі бойынша өтетін форуммен қорытындыланбақ. 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу