Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

22.05.2015
Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында қала басшысы Әділбек Жақсыбековтің атынан үздік қызметкерлерге алғыс хаттар тапсыру рәсімі өтті.

Алғыс хаттарды Мәдениет басқармасының басшысы Б. Мажағұлов табыс етті.

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» ҚР мемлекеттік мерейтойлық медальдары табыс етілді.

Марапаттау соңы мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні жыл сайын 21-мамырда аталып өтіледі. Атаулы дата 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.

Хабарламаларға жазылу