Испанияда өткен халықаралық би байқауында жеңімпаз атанған Жәния Ержан «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда өткен халықаралық би байқауында жеңімпаз атанған Жәния Ержан «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

21.05.2015
Испанияда өткен халықаралық би байқауында жеңімпаз атанған  Жәния Ержан «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)

Байқауда ол испан, жапон және «Көбелек» биін билеген.

«Мен би билегенді жақсы көремін. Анам үнемі би үйірмесіне алып келеді. Испаниядағы байқауда көптеген достар таптым. Олар маған әртүрлі ойыншықтар берді», - дейді Жәния Ержан.

Испан биін ерекше орындауының арқасында жеңіске жеткен. 4-9 жас аралығындағы балалар қатысқан байқауда Жәния - ең кішкентайы болған.

«Испан биі - өте қиын. Эмоцияға толы темпераментті би. Жәния осы ерекшеліктерді сахнада жақсы көрсете білді. Нағыз испанға тән ерекшелікпен  биледі», - хореограф Екатерина Гамидова.

Хабарламаларға жазылу