Ғалымжан Изжанов пен Жеңісбек Манахайұлы «Таңшолпанға» сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымжан Изжанов пен Жеңісбек Манахайұлы «Таңшолпанға» сұхбат берді

31.08.2015
Ғалымжан Изжанов пен Жеңісбек Манахайұлы «Таңшолпанға» сұхбат берді

Кеше Астанада алғаш рет Теңге ілуден ашық Азия чемпионаты өтті. Асау үйретуден де тұңғыш рет ел чемпионаты ұйымдастырылды.  Теңге ілуден чемпион атанған Ғалымжан Изжанов пен ұстазы Нұржан Әбілқасымов «Таңшолпанға» эксклюзивті сұхбат берді.

Теңге ілу спортына қалай келгені туралы Ғалымжан Изжанов: «Осыдан бес жыл бұрын ат спортына қызығып келдім. Түрлі жарыстарға қатысып та жүрдім. Бұл бәсекеге екі ай жаттықтым. Тұлпарым – Ақмоланы 15 күн дайындадым. Жеңіске жетуіме  тұлпарымның да  да көмегі тиді. Әуелде жеңіске  жетемін деп келген едім, арманым орындалды, өте қуаныштымын»,-дейді.

Ал, ұстазы Нұржан Әбілқасымов: «Ғалымжан бізге алғаш келгенде кішкентай ғана бала еді. Бірақ, қызығушылығы өзгелерден ерекше болатын. Шәкіртім жеңімпаз атанғанда, көкке сәл-ақ жетпей қалдым»,-дейді.
Ал, асау үйретуден үздік шыққан Жеңісбек Манахайұлы: «Асауды  таңдау еркі өзімізде болды. Мен торыны таңдап алдым. Шалма салдым. Бірден тақымды қысып, жалға қолды тіреу керек. Содан кейін шу асауды еркіңе көндіре аласың.

Бірақ, қамшыны бес  секірген соң басу қажет. Себебі, тура бассаңыз, ат үркеді. Сәл уақыт өткен соң, асаудың да екпіні басыла береді. Сол  кезде ғана қамшы қолданған дұрыс. Өзім алты жасымнан бастап ат үстінде келемін»,-дейді жеңімпаз.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
 

Хабарламаларға жазылу