АҚШ-та өткен бәссаудада «Beatles» тобының мүшесі Джордж Харрисонның гитарасы сатылды. Сатып алушы музыкалық аспап үшін жарты миллион долларға жуық ақша төледі, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Харрисон 1963 жылы «Mastersound» фирмасы шығарған бұл гитарада топтың әйгілі болған кезінде ойнаған. Ол музыкалық аспапты 1963 жылдың жазында «Barratts» дүкенінен жалға алды, сол кезде өзінің гитарасын жөндеуге берген болатын.
Харрисонның гитарасы Нью-Йоркте өткен екі апталық «Hard Rock Cafe» бәссаудасының қорытындылары бойынша сатылған ең қымбат зат болды.
Басқа лоттардың арасында Элвис Преслидің гастрольдерге барған автобусы, сондай-ақ «рок-н-ролл патшасының» қолданысында болған тағы 150-ден астам зат бар. Гастрольдік автобус 270 мың долларға сатылған.