Элвис Преслидің «Gibson Dove» гитарасы 334 мың долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элвис Преслидің «Gibson Dove» гитарасы 334 мың долларға сатылды

22.05.2016
Элвис Преслидің «Gibson Dove» гитарасы 334 мың долларға сатылды

1969 жылы әкесі сыйға тартқан  Элвис Преслидің «Gibson Dove» гитарасы Нью-Йорктегі бәссаудада 334 мың долларға сатылды. Вернон Пресли бұл гитараны ұлы каратэден қара белбеу алған соң сыйлаған.

Солтүстік Каролина штатындағы Ашвилде өткен концерт кезінде кіші Пресли аталмыш гитараны өнеріне табынушылардың біріне сыйлайды. Осылайша, музыкалық аспап бүгінгі күнге дейін сақталып келген.

Жақында Julien's бәссауда үйі музыкалық индустрия жұлдыздарының заттарын сатылымға шығарған болатын. Аукционға қойылған өзге де заттардың арасында Джон Леннонның «Being for the Benefit of Mr. Kite» әнінің қолжазбасы да бар. Ол 354,4 мың долларға сатылды.

Ал, Майкл Джексонның 1996-1997 жылдары әлемдік турнесі кезінде киген винил пиджагі бәссаудада 256 мың долларға сатылды.

Хабарламаларға жазылу