Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро салмақ өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро салмақ өлшеді

16.05.2015
Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро салмақ өлшеді

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) мен АҚШ спортшысы кіші Вилли Монро (19-1, 6 КО) жекпе-жек алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің салмағы – 72.12 келі, ал, америкалық кіші Вилли Монроның салмағы – 72.57 келі.

Сонымен қатар, осы жекпе-жек аясындағы тағы бір қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев те кездесу өткізеді. Қарсыласы америкалық боксшы – Хулио Санчес. Русланның салмағы – 62.1 болса, Хулио Санчестің салмағы – 63.1 келі.

Еске сала кетейік, кештің басты кездесуі қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық кіші Вилли Монро арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 17 мамырда таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу