«Қайрат» пен әлем жұлдыздарынан құралған команда жолдастық кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» пен әлем жұлдыздарынан құралған команда жолдастық кездесу өткізді

27.09.2014
«Қайрат» пен әлем жұлдыздарынан құралған команда жолдастық кездесу өткізді

Луиш Фигу, Фабио Каннаваро, Паоло Мальдини, Алессандро Неста, Андрей Шевченко бастаған әлем футболының жұлдыздары Алматының Орталық стадионында «Қайрат» футбол клубының ардагерлерімен жолдастық кездесу өткізді. Матч  «Қайраттың» 60 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қызыққа толы болған бұл ойында Андрей Шевченко 4 гол соқты. «Қайрат» бір доппен қарымта қайырды. Гол авторы - Игорь Авдеев. Ал, ойындағы соңғы голды «Қайрат» қақпасына Кристиан Вьери соқты. Қорытынды есеп – 5:1. Әлем жұлдыздарынан құралған команда жеңіске жетті.  

Хабарламаларға жазылу