Алматыда А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің симфониялық оркестрінің концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің симфониялық оркестрінің концерті өтеді

13.05.2015
Алматыда А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің симфониялық оркестрінің концерті өтеді

15 мамырда, сағат 11:00-де А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің үлкен залында өтетін концертте австриялық композитор Франц Шуберттің, неміс композиторы Ф.Мендельсонның (Шекспирдің «Жазғы түндегі ұйқы» («A Midsummer Night's Dream») комедиясына жазылған скерцо) және франциялық композитор Камиль Сен-Санстің шығармалары орындалмақ.

Айта кетейік, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 1964 жылы ашылған.

Өнер мектебінде симфониялық оркестр, халық аспаптары оркестрі, үрмелі жəне ұрмалы аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық оркестр, «Giovani talenti» камералық оркестрі, арнайы хор, «Ақ тілек» ұлдар хоры, «Ақжелең» этно-фольклорлық ансамблі,«Қоңыржай» қыл қобызшылар ансамблі, «Қарлығаш» кіші қобызшылар ансамблі, домбырашылар ансамблі, скрипкашылар ансамблі және виолончель ансамблі бар.

Хабарламаларға жазылу