Алматыда А. Жұбанов атындағы халықаралық байқау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда А. Жұбанов атындағы халықаралық байқау өтеді

22.10.2014
Алматыда А. Жұбанов атындағы халықаралық байқау өтеді

Алматыда 4-10 қараша аралығында фортепиано мен халық аспаптары аталымдары бойынша А. Жұбанов атындағы халықаралық байқау өтеді. Бұл туралы бүгін А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан хабарлады.

Байқау Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтеді.

Оған республикадағы дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушылары мен ТМД елдерінің дарынды балалары қатысады.

Айта кету керек, байқау фортепианомен қатар, домбыра, қылқобыз, дутар, гиджак, рубаб, чанг, баян, аккордеон, домбыра-прима, прима-қобыз музыка аспаптары бойынша өтеді.

Сурет: kp.kazpravda.kz

Хабарламаларға жазылу