16 мамыр күні еліміздің 14 аймағы және Астана мен Алматы қалаларындағы білім мекемелерінде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек» атты бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясы өткізіледі, деп хабарланған Білім және ғылым министрлігінің сайтында.
Аталған шараға ҚР мемлекеттік Білім басқармаларының басшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мектептегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, мектептің медицина қызметкерлері, мектеп психологтары және 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылған.