Астанада республикалық ата-аналар конференциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада республикалық ата-аналар конференциясы басталды

10.09.2018

Бұл жиынның жаңа оқу жылымен қатар өткізілуінің өзіндік мәні бар. Өйткені, мұғалім мен ата-ананың немесе мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың бар мәселесі осы кезде туындайды. Сондықтан, мұғалімдер қауымы мұндай жиындардың психологиялық кеңес беру тұрғысынан да маңызы зор екенін айтады.

Елордадағы № 54 мектеп лицейінде өткен ата-аналар конференциясына тек алғашқы күннің өзінде 300-дей ата-ана қатысты. Жиын бір аптаға созылмақшы және «Facebook» паракшасындағы трансляция арқылы оны тұтас республика тамашалай алады. Ал, №81 мектеп-гимназиясында өткен конференция өзінің тақырыбымен ерекшеленіп отыр.

Шолпан Омарова, №81 «Astana english scholl» мамандандырылған гимназиясы, Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

-Бұл конференцияның басқа конференциядан ерекшелігі, ауқымды өзекті мәселені қозғап отыр. Яғни, интернет желісінің пайдасы мен зияны. Әсіресе, жұмысбасты ата-аналар үшін өте пайдалы. Бұл конференцияны баяндама түрінде өткізіп отырған жоқпыз. Әр топқа бөлеміз. Ол топта ата-аналар өздері талқылап, пікір таластырады.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу