Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

11.05.2015
Бүгін еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Қазақстан территориясы әлі де циклонның ықпалында болатындықтан, 11 мамырда еліміздің кейбір аймағында жаңбыр жауып, күн суытып, желдің екпіні күшейеді.

Қостанай облысында бүгін жаңбыр жауады. Ауа температурасы +2, + 4 градус жылы болса, желдің екпіні 18 метр/секундқа жетеді.

Ал, Ақмола облысында күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +4, +6 градус жылы.

Астанада ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Елордада +16 градус. Желдің екпіні – 3-8 метр/секунд.

Хабарламаларға жазылу