Бельгиялық «Julien Jaffrès» тобы «Қамажайды» орындап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық «Julien Jaffrès» тобы «Қамажайды» орындап жүр

10.05.2015
Бельгиялық «Julien Jaffrès» тобы «Қамажайды» орындап жүр

Қазақтың халық әні Франция мен Бельгия тыңдармандарының көңілінен шықты. Танымал топ осы әуенге әуесқой бейнебаян түсіріп, оны интернет арқылы таратқан. Аз ғана уақыттың ішінде бұл бейнежазба көпшілікке танылған.

Қазір музыканттар халық әнін жас қазақстандық әнші Лаура Өтеновамен бірге айтып, оны өз альбомдарына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

«Julien Jaffrès» тобы «Қамажайды» жазу үшін әуелі қазақ вокалисін іздеп, Қазақстанда бұл туралы арнайы хабарландыру таратқан. Осылайша, бірнеше үміткердің арасынан жас әнші Лаура Өтенованы таңдап алған.

Айта кетейік, «Қамажайдың» авторлық құқығы толық сақталған. Танымал топ Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінен «халық әнін орындауға рұқсат» деген ресми хат алған.

Хабарламаларға жазылу