«Блиц» тобы Германияда «Той жыры» әнін орындап жүр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Блиц» тобы Германияда «Той жыры» әнін орындап жүр (ВИДЕО)

27.02.2017
«Блиц» тобы Германияда «Той жыры» әнін орындап жүр (ВИДЕО)

Қазақ тойының әнұранына айналған бұл туындыны білмейтін жан жоқ шығар?! «Дос-мұқасан» тобының орындауындағы әйгілі «Той жыры» әнін «Блиц» тобы Германияда айтып жүр. Ағайынды Андрей, Сергей және Нона Кернерлер әнді шырқағанда неміс халқының жас, кәрісі қалмай билейді.

«Қазақ халқына үн қатуға мүмкіндік бергені үшін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына рахмет айтамыз. Біз Германияға 1995 жылы көшіп келдік. Балалық, жастық шағымыз Қазақстан елінде өтті. «Блиц» тобы осыдан 40 жыл бұрын Павлодар қаласында құрылды.

Қазақ тілін ешқашан ұмытқан емеспіз. Сол себепті, әнжинағымызға қазақ әндерді енгіздік. «Той жыры» әнін Германияда орындау -  біз үшін мәртебе», - дейді әнші Нона.

 

«Таңшолпан»

Хабарламаларға жазылу