Шығыстың шынары – Мәншүк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстың шынары – Мәншүк

10.05.2015
Шығыстың шынары – Мәншүк

Батыр қыз Мәншүк өзін майданға жіберуді өтініп, Алматы соғыс комиссариатының табалдырығын тоздырады. Соғысқа жіберуді сұрап, бірнеше рет Мәскеуге телеграмма жолдайды. Соңында  тілегі қабыл болып, майданға аттанып бара жатқан бригаданың сапын толықтырды.

Мәншүк Мәметова алғашында штабқа писарьлыққа қабылданады. Бірақ, бұл қызмет оны қанағаттандырмады. Елде өзін майданға жіберуді өтінген ол майданға келген соң пулеметші болуды мақсат тұтты. Ойлағанын орындамай қоймайтын өжет қыз ақыры үздік пулеметші болып шықты, «Максим» пулеметімен Мәншүк талай жауды жайпады.

Артиллерист болмай, пулеметші болған ол бір сөзінде: «Артиллерияға әдейі бармадым. Бармайтын себебім – артиллеристердің атқан оғы – соқырдың сермеген таяғы сияқты... Ал пулеметші болсаң – бәрі алақаныңдағыдай: армансыз атасың, атқаныңның нәтижесін көріп, айызың қана қуанасың»,-деген екен. Бұл сөздерін онымен майданда төрт рет жолыққан Әзілхан Нұршайықов өз аузынан жазып алған.

Хабарламаларға жазылу