Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды.
Сапар аясында Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады және Ресей Президенті В.Путинмен кездеседі.