«Түнгі студияда» - Серік Сәпиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Серік Сәпиев

07.05.2015
«Түнгі студияда» - Серік Сәпиев

Серік Сәпиев  бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Бапкері Александр Стрельниковке  жас талапкер бірден ұнайды. Өйткені, боксқа деген бейімділік Серіктің  қанында бар еді. Серік Сәпиевтің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің атақты боксшыларының бірі болған.

«Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ, көзіне қарап-ақ, тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым», -дейді Александр Стрельников.

Қарсыласын қадам бастырмайтын соққылары жойқын боксшы әзілге қалай? Былғары қолғап шеберінің сұхбатын бүгін  23:25-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу