Полиция қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарып қалды

05.05.2015
Полиция қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарып қалды

Орал қаласындағы ІІБ-ның екі полиция қызметкері Мұхит Әбілқайыров пен Жеңіс Әмірұлы бір адамды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

1 мамырға қараған түнде Орал қаласындағы ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының №505 құрамы «Хлебзавод» ауданы жақтан көмек сұрап сыртқа жүгіріп шыққан азаматты байқайды.

Дереу оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері түтіннің екінші қабаттан шығып жатқанын көреді.

«Терезенің торы арқылы үйдің балконына түстім. Сосын қолымдағы рациямен терезені сындырып, ішке ендім. Іште үйдің кілтін іздеймін деп, түтінге тұншыға бастаған ер адам болды. Бұл уақытта көмекке старшина Жеңіс Әмірұлы бастаған №502 экипаж да келіп жетті», дейді Мұхит Әбілқайыров.

Оқи орнына өрт сөндіру қызметі келгенше, полиция қызметкерлері подъезд тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.

Хабарламаларға жазылу