Қостанайда полиция қызметкерлері 17 жастағы бозбаланы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда полиция қызметкерлері 17 жастағы бозбаланы құтқарып қалды

02.11.2021

Оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Тобыл өзенінің үстінен өтетін үлкен көпірден жас жігіттің суға секіріп кеткенін көрген жүргіншілер дереу «102» нөміріне қоңырау шалыпты. Жақын жерде жүрген 2 полиция қызметкері оқиға орнына бірінші жетіп, суға батып бара жатқан азаматты жағаға алып шықты. Қазір оның өміріне еш қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты. Жас жігіт өмірден баз кешуіне қалыңдығымен ренжісуі себеп болғанын айтқан.


Хабарламаларға жазылу