«Нұр Отан» партиясы және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, ардагерлер, қала тұрғындары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айтыс 2 күнге жалғасты.
Айтыскерлердің өнерін Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, ақын Жанарбек Әшімжан бастаған қазылар алқасы бағалады.
Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені алматылық Болатбек Оразбаев жеңіп алды.
1 орын қарағандылық Мақсат Ахановқа, 2 орын оңтүстік қазақстандық Бекарыс Шойбеков пен атыраулық Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды.
3 орынды батыс қазақстандық Бауыржан Халиолла және астаналық Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан иеленді.