Физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға Қазақстаннан 5 оқушы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға Қазақстаннан 5 оқушы қатысады

09.06.2014
Физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға Қазақстаннан 5 оқушы қатысады
Физика пәнінен ұйымдастырылатын оқушылардың 45-ші халықаралық олимпиадасына биыл 88 елден 700 делегат қатысады, деп күтілуде.
 
Мамандар «қатысушы елдер саны бойынша биылғы олимпиада рекордтық көрсеткішке жетіп отыр», дейді.
 
Астанада өтетін Халықаралық олимпиадаға Қазақстаннан 5 оқушы қатысады. Жас дарындардың дайындығы қазір жаман емес. Мұны тәжірибе алаңдарындағы зертханалық жұмыстардан байқауға болады.
 
Әмір Бралин, республикалық олимпиаданың жеңімпазы:
Мен халықаралық олимпиадаға екінші жыл қатысқалы отырмын. Өткен жылы күміс медаль алғанмын. Осы жылы алтын алғым келеді.
 
Шолпан Қирабаева, «Дарын» РҒПО директоры:
Қазақстан алғаш рет өткізіп отыр. Біздің команда 20 мемлекеттің ішіне кіреді. Жақсы нәтиже күтеміз.
 
Құрманәлі ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу