Bayeux-Calvados Awards әскери тілшілерді бостандық үшін күрес және демократияға қатысты даулы мәселелер бойынша жасаған репортаждары мен жаңалықтары үшін марапаттайды.
Байқауға 2014 жылдың 1 маусымынан 2015 жылдың 31 мамыры аралығында телеарна мен радиодан берілген, газет және вебсайтта жарияланған материалдар қабылданады.
Әр аталым бойынша жеңімпазға 3 000 -7000 еуро аралығында ақшалай сыйақы беріледі. Қазылар алқасына The New York Times газетінің тілшісі төрағалық етеді, дейді ijnet.org.
Өтініштер 8 маусымға дейін қабылданады.
ФОТО: astanafm.kz