Алматыда бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы теңелді.
Наурыз айында орташа баға шаршы метріне - 287 мың теңгені құраған. Бұл - республикадағы 18 ірі қаладағы тұрғын үйлер бағасымен салыстырғанда екінші көрсеткіш.
Алғашқы тоқсанда қала салынып жатқан тұрғын үйлер көлемі бойынша алғашқы орынға шықты. Тұрғындарға жалпы аумағы 479 мың шаршы метрді құрайтын 1 926 пәтердің кілті табысталды. Олардың 1349-ы (40 пайызы) - жеке меншік үйлер.
Сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша – республикада елордадан кейін екінші орында. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 27,6 шаршы метрді құрайды , деп хабарлайды ranking.kz.