Жер үйлерге сұраныс артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер үйлерге сұраныс артқан

01.03.2021

Еліміздің ірі қалаларында жер үйлердің бағасы айтарлықтай өскен. Жылжымайтын мүлік агенттігінің сарапшылары әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматыда жер үйге сұраныс көп дейді. Мұны пандемиямен байланыстырып отыр. Мәселен Елордада жер үйдің орташа құны шаршы метріне 616 мың теңге. Бұл былтырмен салыстырғанда 48 пайызға көп. Алматыда да баға бір жылда 47 пайызға өскен дейді агенттік сарапшылары. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығындағы сату-сатып алулардың 30 пайызы осы жер үйлерге тиесілі.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу