2 мамыр күні Алматыда «Қазка» - Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығы, Алматы бизнес қауымдастығы және «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының ұйымдастыруымен «Наурыз-2015» шарасы өтеді.
Мәдени шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жаңғырту, ел бірлігін нығайту және отандық кәсіпкерлермен байланыс орнату.
«Наурыз-2015» шарасы Алматы облысы, Қарасай ауданы және Алматы қаласы, Наурызбай ауданы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған.