Бүгін – «Көк тарландары» эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Көк тарландары» эфирге шығады

29.04.2015
Бүгін – «Көк тарландары» эфирге шығады

Бүгін Ұлттық арнада еліміздегі әскери тақырыпқа арналған тұңғыш телетуынды – «Көк тарландары» телехикаясының екінші маусымының  алғашқы бөлімі эфирге шығады.

Телехикая сюжеті әскер қатарындағы әуе десанттарының жауынгерлік өмірі негізінде өрбиді. Отан үшін жанқиярлық іске басын тігетін ел перзенттерінің күш-жігері мен өр руһына негізделген телехикая тәрбиелік сипатқа толы.

Әскери қызметкерлердің күрделі өмірін, Отанды қорғау жолындағы ерліктерін көрсететін телехикаяда кейіпкерлер күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардың шешімін табуға бейімделеді.

Маңызды тапсырмаларды орындау барысында жауынгерлер ептіліктері арқасында түрлі сыннан сүрінбей өтеді.  

Телехикаяның негізгі тақырыбы – патриотизм, жастарды отансүйгіштікке баулу, оларды әскер қатарына тарту. Туындының мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанын сүю, елін, жерін қорғауға деген патриоттық сезімді ояту.

Қиындығы мол құрметті кәсіпті таңдаған сарбаздар туралы телехикаяны  бүгін сағат 22:20-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу