Бүгін - «Судағы із» эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Судағы із» эфирге шығады

12.03.2016
Бүгін - «Судағы із» эфирге шығады

Бүгін Ұлттық арнадан   бір ауылдан шыққан үш достың тағдыры туралы  Талғат Теменов түсірген «Судағы із» атты телехикая эфирге шығады. Көрермендер туындыда Мұқан, Қасымжан, Роллан атты басты кейіпкерлердің арасындағы шынайы достықтың қандай болатынын көре алады.

Фильм 90-шы жылдардан бастап осы кезге дейінгі түрлі оқиғалар арқылы халықтың басынан кешкен қиыншылықтарды суреттейді. Әрдайым есігі ашық, емін-еркін жүре беретін берекелі ауылда ұрлық көбейіп, жетіспеушілік деген қырсық шалады. Сонымен қатар, фильмде мөлдір махаббат, достық, адалдық пен сатқындық қатар жүреді.

«Судағы із» телетуындысының алғашқы бөлімдерін бүгін  сағат 14:50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу