Алматыдағы Іскерлік журналистика мектебі бір айлық тегін курсқа шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Іскерлік журналистика мектебі бір айлық тегін курсқа шақырады

28.04.2015
Алматыдағы Іскерлік журналистика мектебі бір айлық тегін курсқа шақырады

Іскерлік журналистика мектебі  мамыр айының 4-нен бастап бір айлық тегін курс өткізеді. Осыған орай бүгін сағат 12:00-де  Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 21, «AFD Plaza» кешені, 130 кеңседе таныстыру дәрісі ұйымдастырылмақ.

Дәрістерді журналистер, банк қызметкерлері мен қаржыгерлер жүргізеді.

Курс аяқталған соң қатысушыларға  сертификат беріледі. Үздіктер 7kun.kz сайтына жұмысқа қабылданады.

 

ФОТО: socnews.by

Хабарламаларға жазылу