Кариб аралдарын мекендеген алып егеуқұйрықтардың жиырмаға жуық түрі жойылып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кариб аралдарын мекендеген алып егеуқұйрықтардың жиырмаға жуық түрі жойылып кеткен

25.04.2015
Кариб аралдарын мекендеген алып егеуқұйрықтардың жиырмаға жуық түрі жойылып кеткен

Proceedings of the Royal Society B журналында жарияланған мақаладағы мәліметке сүйенсек, бір кездері Кариб аралдарын мекендеген, мысықтың көлеміндей алып егеуқұйрықтардың сүйегінен алынған ДНҚ сараптамасы бұл ерекше жануардың жиырмаға жуық түрі еуропалықтарды Жаңа Әлем аумағына көшіру барысында жойылғанын көрсеткен.

«Кариб бассейнін мекендеген жануарлардың қаншасы еуропалықтар қоныс аударған соң жойылғанын дөп басып айту қиын. Аралда жүзге жуық түрлі, өз ерекшелігі бар сүтқоректілердің популяциясы болғанға ұқсайды. Олардың шамамен онға жуық түрі ғана қалды. Жергілікті биоәртүрлілікке қатер төнді» - деп жазады ВВС арнасы Лондон зоология қауымдастығының зерттеушісі Сэмюэль Тервиге сілтеме жасап.

Терви және оның әріптестері ғаламды адамның отарлауы мен Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінің Жердің өсімдік және жануар әлеміне қалай әсер еткенін бірнеше жылдан бері зерделеп келеді. Соңғы жылдары олар Янцзы өзеніндегі дельфиндердің және соңғы мыңжылдықта 255 түрлі жануардың қатарындағы ондаған жануардың жойылуына адамзат баласының қаншалықты әсер еткенін анықтауда.

Жұмыс барысында британиялық биологтар бір кездері Кіші Антиль жағалауын мекен еткен күріш егеуқұйрықтарына (Megalomus) баса мән берген.

Ғалымдар ДНҚ үлгілерін пайдаланып, әлемнің түрлі музейлерінде сақталған кеміргіш қалдықтарын алып, Карибтегі осы ерекше жануарлардың келу тарихын қайта жаңғыртпақ.

Гендегі шағын мутацияның жиілігі мен орнын талдаудан кейін Терви мен оның әріптестері күріш егеуқұйрықтары Кариб аралдарының бассейніне 6-7 миллион жыл бұрын түскен деген тұжырым жасады.

Егеуқұйрықтардың Кариб жеріне жер аударғаннан кейін де алғашқы дәуірдің өзінде олардың генетикалық түрлілігі, тіпті жақын аралда мекен ететін егеуқұйрықтардың түрлерінен әлдеқайда жоғары еді. Сондықтан күріш егеуқұйрықтарының қашан да қай жерде болсын генетикалық сапасын немесе өз бағасын жоғалтпағандығына, қайта өркендеп, өрлеп экологиялық жағдайда өз орнын тапқандығына куә боламыз. Биологтардың айтуынша, олардың түрі жиырмаға жеткен.

Біздің заманымызда жағдай өзгерген. Еуропалықтар қоныстанған жерлерде орман ағаштары кесілген. Соның салдарынан егеуқұйрықтардың жаңа «жаулары»  - иттер олардың көбеюіне мүмкіндік бермеген. Олар қожайындарының плантацияларын егеуқұйрықтар мен кеміргіштерден қорғаған.

Терви мен оның әріптестерінің айтуынша, Карибтегі экожүйелерді қалпына келтіру және шығындар көлемі ағылшындар отарлаған Австралия және Жаңа Зеландия басынан өткерген жағдайлардан кем соқпайды. Оның тарихы бүгінгі таңда экологтар тарапынан ұсақ қоректілерге адамдар тарапынан жасалған жойқын қастандық деп саналады.  

 Фото: Vassil

Хабарламаларға жазылу